ҰЛТ МЕКТЕБІНІҢ ЖАНАШЫРЫ. Мұхамедрахим Қыдырбайұлы
ҰЛТ МЕКТЕБІНІҢ ЖАНАШЫРЫ ғұлама ғалым, Әбілсағит Садуақасұлының 80 жылдық мерейтойына орай Мұхамедрахим ҚЫДЫРБАЙҰЛЫ «Атамекен» ұлттық тәлім-тәрбие бағдарламасының авторы, п.ғ.к Әбілсағит Садуақасұлымен мен 1992 жылы Алматыда өткен «Этнопедагогика және этнопсихология материалдарын оқу-тәрбие жұмыстарыне ендірудің әдіснамалық негіздері» тақырыбына арналған конференция барысында таныстым. Осы конференция Әбілсағит ағаның жұлдызды сәті деуге де болады. Бұрын-соңды газет пен журнал беттерінен Ә.Садуақасұлының ғылыми мақалалары мен ұсыныс-пікірлерін оқып, танысып жүріп, өз кезегінде осы жиын жұмысында кездескеніміз – қазақ педагогика және психология ғылымындағы айырықша бір кезеңнің бастауы деп бағалаймыз. 1991 жылы тәуелсіз мемлекет мәртебесін алған жаңа Қазақстанның білім жүйесі аса күрделі жағдайға тап болды. СССР педагогикалық жүйесінің дағдарысқа ұшырап және оның ықпал...